Жамбыл облысындағы тағы бір жол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – «Мерке-Шу-Бұрылбайтал» автожолының бөлігінде 165-268 шақырымы аралығында көлік түрлерінің барлығы үшін жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.

- 2025 жылғы 3 ақпанда сағат 01:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Мерке-Шу-Бұрылбайтал» автожолының 165-268 шақырымы аралығында (Бірлік ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Жолды2025 жылғы 3 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейі «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскеcінде көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.
Айта кетейік, Қазгидромет қар, тұман, көктайғаққа байланысты 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.