Жамбыл облысындағы жол ашылды
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 09:00-де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мекемесі хабарлады.
Айата кетейік, Қазгидромет бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Сондай-ақ Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайтыны хабарланды.
— 2026 жылғы 2 қаңтарда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.