Жамбыл облысының медицина мекемелерінде ауруларға диагноз қоюға ЖИ көмектесетін болады

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына жасанды интеллектіні интеграциялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

ИИ поможет диагностировать заболевания в медучреждениях Жамбылкой области
Фото:freepik

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект қатерлі ісіктер мен жүрек-қантамырлары жүйесінің ақауын анықтауға көмектесетін болады және ол флюрография анализдері, ренгтген түсірілімдері, МРТ (магнитті-резонансты томография) мен КТ (компьютерлік томография) арқылы анықталады.

Жобаны «Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «WDSOFT» ЖШС-мен бірлесіп, жүзеге асырады. Қазіргі таңда жүйеге 22 медициналық мекеме мен 33 ғимарат қосылған.

ЖИ ажыратылуы қиын потологияларды анықтайды. Жақын уақытта диагноздардың 95% осы жүйенің көмегімен қойылатын болады.

Заманауи технологиялардың денсаулық сақтау жүйесіне қарқынды енгізіліп жатқанын Жамбыл облыстық цифрландыру және архив басқармасының жетекшісі Шалқан Амантұров та айтты.

- Тараздың ауруханалары мен емханаларына медициналық қызметтің көрсетілгенін анықтау және негізсіз жазбалардың болуының алдын алу үшін Face ID технологиясы енгізілді. Жамбыл облысында аталған жүйеге 91 медициналық мекемеге қосылған, - деді ол.

Осыған дейін денсаулық сақтау процестерін цифрландыратын ақпараттық жүйе құрылғандығы туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар