Жамбыл облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы тағайындалды
ТАРАЗ. KAZINFORM — Жамбыл облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы лауазымына Серікбаев Қанатбек Қуанышұлы тағайындалды

Қанатбек Қуанышұлы 1978 жылы 20 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар: 2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша; 2012 жылы жерге орналастыру мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласы, «Оңтүстікмұнайгаз» ААҚ моторист шәкірті, 3-разрядты моторист ретінде бастаған.
2001-2002 жылдары Қызылорда қаласы «Нұр-Серік» ЖШС менеджері.
2002-2003 жылдары Қызылорда қаласының «Казкоммерцбанк» ААҚ механигі.
2004-2006 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің жетекші маманы.
2006-2008 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы.
2008-2012 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару Агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясының бас маманы.
2012-2013 жж. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер бөлімінің бөлім басшысы.
2013-2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы бөлімінің бөлім басшысы.
2015-2016 жылдары Қызылорда облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы бөлімінің басшысы.
2016-2022 жылдары Қызылорда облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік инспекторы.
2022 жылдың 11 сәуірінен бастап Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.