Жамбыл полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады

ТАРАЗ. KAZINFORM –  Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғыз Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады.

Жамбыл облысы ПД
Фото: Жамбыл облысы ПД

Ол 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігін бойынша, яғни ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. 

Жамбыл облысы ПД
Фото: Жамбыл облысы ПД

«Күдікті Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды қолды қылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне берілетін болады», – делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында есірткі өсірген 61 жастағы тұрғын ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар