Жамбыл және Ақтөбе облыстарында бейнебақылау жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін автоматты түрде тіркеу үшін 385 бейнебақылау камерасын, сондай-ақ 44 стационарлық камераны орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

камера
Фото: Артем Викторов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, облыста Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында аудандық полиция бөлімдеріне арнап ғимараттар салу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ өңірде бейнебақылау жүйесін жаңғырту және орнатылған камераларды Жедел басқару орталықтарына (ЖБО) интеграциялау бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша барлығы 74,5 мыңнан астам камера орнатылған, оның ішінде 17,4 мыңнан астамы Жедел басқару орталығына біріктірілген. 

Биыл жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін автоматты түрде тіркеу үшін 385 бейнебақылау камерасын, сондай-ақ 44 стационарлық камераны орнату жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірде жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарын автоматты түрде анықтау үшін қосымша 32 аппараттық-бағдарламалық кешен сатып алынғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта облыстағы аппараттық-бағдарламалық кешендер саны қазіргі таңда 263-ке дейін өсті. Стационарлық кешендер ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтауды толық қамтиды. 

Айта кетелік елімізде дербес деректерді қорғау ісі күшейтіледі