Жамбылда әкімдіктің кесірінен фермерлер жер телімдерін ала алмаған

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі 2024 жылдан бастап фермарларге жер телімдерін беру бойынша конкурстарды негізсіз тоқтатты.

Жамбылда әкімдіктің кінәсінен фермерлер жер телімдерін ала алмаған
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы орган тарапынан жер заңнамасының бұзылу фактілерін анықтады. 

— Заңнама талаптарына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелерін беру жөніндегі конкурс жылына кемінде екі рет өткізілуі тиіс. Алайда 2024 жылдан бастап аудан әкімдігі аталған конкурстарды өткізуді негізсіз тоқтатып, фермер-кәсіпкерлердің құқықтарын шектеген, — делінген ақпаратта.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз тәжірибе тоқтатылып, конкурстарды өткізу қайта жандандырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 фермер-кәсіпкерлерге жалпы аумағы 4576 гектар жер учаскелері берілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының прокуратурасы инватакси қызметтерін көрсету кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар