Жамбылда вегетация кезеңінде шаруалардан шағым түскен жоқ

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Биыл шаруалардан шағым түскен жоқ.

су шаруашылығы
Фото: Pexels

«Жамбыл облысында 113 су қоймасы бар. Оларға 136,6 млн текше метр су сияды. Су қоймаларының 60-ы канал, 53-і еріген қар, жер асты сулары мен өзендер арқылы толтырылады. Биылғы вегетациялық кезеңде 91,2 млн текше метр су жиналды. Жинақталған судың көлемі бекітілген 10 мың гектар алқапты тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Шаруалардан судың жетіспеушілігіне қатысты шағым түскен жоқ» дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев.

Сондай-ақ биыл 9 су қоймасын жөндеу жоспарланып, оның жетеуінде жұмыстар толық аяқталды. Қалған екеуі жыл соңына дейін тапсырылады. Бұдан бөлек, 5 су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Жалпы кешенді жоспарға сәйкес 203 каналды қайта жаңғырту міндеті тұр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, Ислам даму банкі, сондай-ақ бюджет есебінен жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады. Ал «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Ербол Әбдірахманов 4 мыңға жуық шаруамен келісімшарт жасалып, 90,078 гектар жерге 533,1 млн текше метр су берілгенін айтады.

Айта кетсек, біз бұған дейін Атырау облысында Жайықтағы су тасқынынан кейін 4 канал тереңдетіліп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар