Жамбылдықтар Елдос Сметовті Тараз қақпасынан күтіп алды
ТАРАЗ. KAZINFORM – ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов бүгін елге оралды. Ел мерейін асқақтатқан спортшыны жүздеген жамбылдық жанкүйерлері Тараз қаласының шығыс қақпасынан қарсы алды.


Қарсы алушылар қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған мекеме басшылары, спорт ардагерлері, спортшылар мен бапкерлер, белсенді жастар бар.
Төртжылдықтың басты додасында топ жарған жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында облыс орталығының Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшелерінде шеру ұйымдастырылып, оның соңы гала концертке ұласады.

Еске салайық, Елдос Сметов соңғы үш Олимпиада ойындарына қатысып, бәрінен олжалы оралды. 2016 жылы Риода күміс жүлде жеңіп алса, Токио Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады. Осы жолы алтын алды медаль алды.