Жамбылдың азаматтық қорғаныс басқармасын Ерлан Иманбаев басқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысы әкімдігі жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Иманбаев
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

— Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Ерлан Болатұлы Иманбаев облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ерлан Болатұлы 1976 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1997 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Тұтыныс тауарларын тауарлау», 2003 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары ішкі істер органдарында үзіліссіз қызмет атқарған.

Осыдан бұрын Астана бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ауысқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар