Жамбыл Ахметбеков штабы Талдықорған мен Көкшетауда шаралар өткізді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Балаларды қорғау күніне орай Талдықорғанда қызыл әуе шарларын ұшыру шарасы ұйымдастырылды. Акцияға Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Көкшетауда сайлауалды штабтың ұйымдастыруымен әншілер мен партия комитеті белсенділерінің қатысуымен флеш-моб өткізілді. Бұдан өзге шара барысында ҚКХ партиясынан сайлауға түсіп отырған үміткердің сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді.
Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенттігіне үміткер 7 кандидатты тіркеді.
27 мамырда ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті.
Президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық-заң колледжінде жас сайлаушылармен кездесті. Оқытушылар мен студенттер үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысты.
Әміржан Қосанов штабының белсенділері төрт өңірде кездесулер өткізді.
Сәдібек Тугелдің белсенділері өнер және қолөнерден мастер-класс ұйымдастырды. Төлеутай Рахымбековтің қоғамдық штабы 300-ге жуық іс-шара өткізді.
28 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Түркістан облысында болды.