Жамбыл Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасы шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР кезектен тыс Президент сайлауына Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасы басты 5 бағыттан тұрады. Олар: «Батыстың ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту», «Барлық қашқын олигархтарды сотқа тарту», «Кедейлікпен күрес», «Көрші елдермен экономикалық интеграция», «Әділетті салық салуды енгізу» деп аталады. Олар елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты мен ішкі және сыртқы саясатқа қатысты мәселелерді қамтиды.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.

Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар