Жамбыл ауруханаларына 20 реанимобиль мен 20 санитарлық автокөлік алынады

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында 10 аудандық ауруханаға 20 реанимобиль алуға 390 млн теңге, 20 дана санитарлық автокөлік алуға 261,2 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте берген мәліметіне сүйенсек, денсаулық саласына бөлінген қаржы көлемі жылдан-жылға артып келеді.

Биыл бұл салаға 3,8 миллиард теңге қаралған.

Саланың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,9 пайыздан 96,6 пайызға дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында орталық ауруханалар құрылысы және 3 ауданда, атап айтқанда, Меркі, Шу, Таласта көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленіп жатыр.

«Сондай-ақ, облыста 20 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша 1,7 миллиард теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, 1,5 миллиард теңгеге 10 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары басталды», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Бұған дейін Таразда 12 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш алынғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар