Жамбыл ауылында жаңа мектеп салынады - Алматы облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жаңа оқу жылында Көксу ауданы Жамбыл ауылында жаңа мектеп есігін айқара ашатын болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Заманауи үлгідегі төрт қабатты ғимарат облыстық бюджет қаржысына салынып, екі қабатты ескі мектепті алмастыратын болады.
Құрылыс жұмыстарын «Строитель» ЖШС мен «ARC LTD» ЖШС жүргізуде.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбековтің айтуынша, жаңа мектеп ғимаратында оқушыларды еңбекке бейімдейтін бірнеше шеберхана, кең кітапхана, спортзал, асхана, жарық та жайлы оқу кабинеттері болмақ.

Соңғы жаңалықтар