Жамбыл ауылының тұрғыны мас күйінде өзінің ауылдасын өлтірді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тұрғыны абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде айыпты деп танылды.
None
None

Лебяжі аудандық соты оған жалпы режимдегі түзеу колониясында алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жамбыл ауылының тұрғыны мас күйінде болғанда өз үйінің қасында алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған ауылдасын кездестіріп, оны «әжесінен кірлен ұрлады деп айыптады». Төбелеске ұласып кеткен ұрыс кезінде ол қарсыласының бетіне және басына соққы жаудырып, қатыгездік таныта бастады. Көп ұзамай ауылдасы алған жарақаттарынан көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар