Жамбыл бағытында жүрмей тұрған пойыз билетінің құны қайтарыла ма
«Тоқтатылған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар қайтаруды ресімдеп, ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару бойынша түсіндірме алу үшін 8-707-270-36-64 Whats App нөміріне хабарласуға болады», - деді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.
Бұған дейін ҚТЖ өкілі аталған өңірге қатынайтын пойыздар қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады.
Айта кетсек, жолаушылар өзін мазалаған сұрақтардың жауабын «105» нөміріне хабарласып біле алады.
Сондай-ақ, жолаушыларға вокзалдардың анықтама қызметі де көмек көрсетуге әзір.
Алматы-2 станциясы 8-7272-96-13-15
Алматы-1 станциясы 8-7272-96-33-90
Луговая станциясв 8-263-13-61-05
Шымкент станциясы 8-7252-95-21-24
Тараз станциясы 8-7262-96-24-59
Шу станциясы 8-7264-36-36-82
Қызылорда станциясы 8-7242-29-21-35