Жамбыл депутаттары облыс бюджетінің бір миллиард теңгесін қайта бөлді

2013 жылдың бюджетіне түзетулер енгізу жобасын депутаттарға жақында облыстық Экономика және бюджетік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов таныстырды.
Оның сөзіне қарағанда, облыстың денсаулық сақтау саласына 39 млн. теңге, мәдениет саласына - 20 млн. теңге бөлінеді. Құқық қорғау органдары - 74,4 млн. спорттық шараларды өткізуге қосымша 307 млн. теңге, соның ішінде «Еуразия барысы» халықаралық турнирін ұйымдастыруға 43 млн бөлмек. Жамбылдық шаруаларға 112 млн. теңге, соның ішінде 93,4 млн субсидия егіншілік шаруашылығына және 12,2 млн ауыл шаруашылығы жұмысшысының күніне арналған шаралар үшін жұмсалады.
Мұғалімдердің жалақы қоры биылғы жылы жамбылдық оқытушылар үш айлық біліктілікті арттыру курстарына қатысуына байланысты 242 млн. теңгеге көтеріледі. Алайда олардың орнына жұмыс істеген әріптестеріне жалақы қарастырылмаған.
«ТаразТрансЭнерго» мен «Жамбыл-Жылу» коммуналдық кәсіпорындарына қажетті жабдықтар сатып алу үшін 103 млн бөлінеді.
Облыстық мәслихаттың депутаттары облыстық бюджетке байланысты ұсыныстарды бірауыздан қабылдады.