16:08, 24 Маусым 2010 | GMT +5
Жамбыл ІІД-нің үш мыңға тарта қызметкері тәуелсіз Қазақстан полициясының 18 жылдығын атап өтті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық Ішкі істер департаментінің үш мыңға тарта қызметкері тәуелсіз Қазақстан полициясының 18 жылдығын атап өтті.

Мерекелік шаралар Ұлы Отан соғысында майдан алаңында қаза тапқан, бейбіт күні қызметте жүріп оққа ұшқан ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Полиция күнінің құрметіне ең үздік полиция қызметкерлері марапатталды.
Сонымен қатар, 174 полицей Жамбыл облысы ІІД бастығының атынан грамотаға, «Ең жақсы қызметі үшін» төсбелгілеріне ие болып, 377 қызметкер ақшалай сыйлық алды.
Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев 23 қызметкерге награда тапсырды.