Жамбыл облыстық газетіне жаңа редактор тағайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы Жамбыл облыстық әкімдігінің органы - «Знамя труда» газетінің бас редакторы лауазымына Игорь Васильевич Неволинді тағайындады, деп хабарлайды облыс басшысының баспасөз қызметі.
None
None

И.Неволин 1969 жылы дүниеге келген, Алматы облысының тумасы, жоғары филологиялық білімі бар.

Республикалық «Литер» газетінде саяси шолушы мен редактор қызметтерін атқарған, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары міндетін де атқарған.

Экономикалық даму, партиялық құрылыс және елдің саяси жүйесінің дамуы тақырыптарына қазақстандық және шетелдік қоғамдық-саяси басылымдарға 500-ден астам жарияланымдары шыққан.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көкейкесті мәселелеріне арналған мақалалар топтамасы үшін БАҚ саласындағы Президент грантының иегері.

Соңғы жаңалықтар