Жамбыл облыстық соты Интернеттен өз веб-сайтын ашты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық сотының сайты республика бойынша Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарынан кейін төртінші атанып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл сот ашықтығына қарай жасалған тағы бір қадам, - деді облыстық сот төрағасы Нұрғожа Чиняев. - Бүгінде азаматтық ұстанымы белсенді, ар-ожданын сатпайтын  тамаша соттар көп. Сайттың ашылуы біздер үшін өте маңызды, облыстың сот органы өз қызметінің  біреулерге қызықты, қажетті және пайдалы екендігін ескере отырып, қалың жұртшылықпен өзара сенім жағдайында ақпарат алмасуға ашық екендігін жариялады.

Реформалаудың басты қорытындыларының бірі - мемлекеттік биліктің тәуелсіз  тармағы болуы деп есептейміз, оның басты мақсаты - азаматтардың және ұйымдардың  құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның сақталуын және республика заңдарының орындалуын қамтамасыз ету.

Осы жағдай Интернет бетінен өз сайтымызды ашуға түрткі болды, оның әлеуеті  біздің жұмысымызды мейлінше ашық  етіп көрсетуге мүмкіндік береді,  сайтқа кірушілердің  біздің қызметімізбен  кеңірек танысуларына және өздеріне қажет ақпараттарды жедел алуларына мүмкіндіктері ашылды».

Сайтта әдеттегідей «Кері байланыс» және «Сұрақ-жауап»  сілтемелерінен басқа сот шешімдерінің банкі,  азаматтарды қабылдаудың кестесі мен уақыты және қаралатын істер  орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар