Жамбыл облыстық соты заңсыз шығарылған теміржолшыны жұмысына қайта орналастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық соты талап қоюшы Н.Күлсариевтің жауапкерлер «Қазақстан Теміржолы» АҚ-на, «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Жамбыл жол бөлімшесі» филиалына, «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Тасымалдау үрдісі дирекциясы» филиалына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, бос жүрген уақытына жалақы өндіру, келтірілген моральдық залалдың өтемақысын өндіру туралы Тараз қалалық сотының шешіміне жауапкердің өкілінің шағымы бойынша келіп түскен азаматтық ісі қарады.
None
None

Талап қоюшы Н.Күлсариев 2015 жылғы 4 маусымда №322 бұйрығымен 2015 жылдың наурыз айында жол берген тәртіптік құқық бұзушылығы үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылған. Содан кейін жұмыс беруші 2015 жылғы 29 маусымда №382 бұйрығымен ҚР Еңбек кодексінің 54-бабының 1-бөлігінің 13-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 1 шілде 2015 жылғы 28 ақпан аралығында еңбек міндеттемелерін бұзғандығы үшін талап қоюшымен еңбек шартын бұзған. Алайда, Н.Күлсариев 2015 жылдың наурыз айында жіберілген тәртіптік бұзушылықтарынан басқа қандай-да бір бұзушылықтарға жол бермегендігі анықталған. Егер жұмысшы тәртіптік жазасы бола тұра еңбек тәртібін қайта бұзған жағдайда, оның жұмыстан босатылуына жол беріледі.

Осылайша, Н.Күлсариевтің ҚР Еңбек Кодексінің 54-бабының 1-бөлігінің 13-тармағына сай, еңбек тәртібін қайталау нышаны бойынша жұмыстан босатылуы заңға қайшы келетіндіктен, сот жұмыс берушінің талап қоюшымен еңбек шартын бұзу туралы 2015 жылғы 29 маусымда №382 бұйрығын заңсыз және бұзылуға жатады деген шешімге келді.
Жамбыл облыстық соты бірінші сатылы соттың шешімі өзгеріссіз, ал жауапкердің өкілінің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Талап қоюшы Н.Күлсариев бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды, жұмыс берушіден талап қоюшының пайдасына жұмыстан мәжбүрлі жағдайда бос жүрген уақытына 800 мың теңге мөлшерінде еңбекақы және келтірген моральдық залалы үшін 20 мың теңге өтемақы өндірілді.

Соңғы жаңалықтар