Жамбыл облыстық сотында кадрлық өзгерістер орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембековті және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Н.Абидовті облыстың судьялар қауымдастығына таныстырды.
None
None

Ж.Рүстембеков бұған дейін Жамбыл облысының арбитраждық сотында, Жамбыл облыстық сотында, Алматы қалалық сотында судья қызметін атқарған.

Н. Абидов бұған дейін Жамбыл облыстық сотында судья, Тараз қаласының № 2 соты мен Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төраға қызметін атқарған.

Облыстық соттың төрағасы Р.Алшынбаев әріптестерінің кәсіби мамандар екендігін атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар