Жамбыл облысы әкімдігінде бірқатар тағайындаулар орын алды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінде бірқатар тағайындаулар орын алды.
None
None

Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов тағайындалды. Е.Манжуов 1968 жылы туылған, білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облысы Жарсу кеңшарының жетекші-экономисі болып бастаған. 1991-1994 жылдары Алматы облысы Жарсу кеңшарының бас-экономисі, 1994-1995 жылдары «Ақсу» ЖШС директорының орынбасары, 1995-1996 жылдары «Алма-Тал» фирмасы директорының орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі, 1997-2000 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, 2000-2003 жылдары «Метрология» РМК Оңтүстік-Қазақстан филиалының директоры, 2003-2007 жылдары «KEGOC» АҚ басқарма бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары «KEGOC» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры, 2008-2009 жылдары «Алматы электр станциясы» АҚ-ның коммерциялық директоры, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Тимуржан Бидайбекұлы Нұрымбетов кірісті. Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы 1966 жылы туылған, білімі жоғары, Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» және Алматы экономика және статистика Академиясын «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл облысы Луговой жөндеу механикалық зауытының инженер-технологы болып бастаған. 1990-1991 жылдары Луговой аудандық Қазақстан ЛКЖО комсомол комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1991-1993 жылдары Луговой ауданы «Путь коммунизма» ұжымшарының «Қарақыстақ» агробірлестігі бригадирінің көмекшісі, 1993-1996 жылдары «Нағыз» шағын кәсіпорнының директоры, 1997-1998 жылдары «Мелиоратор» шағын кәсіпорнының шебері, 1998-1999 жылдары «Қуат» шаруа қожалығының есепшісі, 1999-2001 жылдары Луговой ауданы «Қарақыстақ» өндірістік кооперативінің бас инженері, өндіріс басқарушысы, 2001-2005 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі, 2006-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас инспекторы, өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар