18:53, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Руслан Тілектесұлы Өрікбаев Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды,

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінде.
Руслан Тілектесұлы Өрікбаев 1971 жылы туған. «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Алматы қаласында түрлі коммерциялық құрылымдарда және мемлекеттік қызметте жұмыстар атқарды. Соңғы жұмыс орны - Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру, кадрлар және бақылау-инспекторлық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі.