Жамбыл облысы арқылы өтетін қырғыз автожолына бөгет қоршаулар құрылып жатыр – фейк

«Әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілері Жамбыл облысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін 800 метрлік Бішкек-Нарын-Торугарт қырғыз автожолын қолдануға бөгет жасайтын инженерлік қоршауларды құрып жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Аталған учаске бойынша қозғалыс Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы келісімге (2017 жылғы 25 желтоқсаннан) сай жүзеге асады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі осы жол учаскесіне жақын жерге инженерлік қоршаулар орналастыруда атқара бастады. Бұл жұмыстар қазақстандық аумақта жүргізіліп жатыр. Қойылып жатқан қоршаулар шекара режимінің бұзылуына жол бермеуге және екі жақты Келісімдердің сақталуына жағдай жасайды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар транзиттік өтуге кедергі келтірмейтінін және жол қозғалысының тоқтатылмағанын атап өткіміз келеді. Қырғызстандық серіктестер қойылатын қоршаулар туралы алдын ала хабардар етілген», - делінген ресми хабарламада.