Жамбыл облысы Астанада натрий гексаметафосфатын өндіру бойынша қазақстан-чехия кәсіпорнын таныстыруда

None
None
ТАРАЗ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Индустриялдық форумның барысында Жамбыл облысы натрий гексаметафосфаты мен басқа да тұздар өндіретін қазақстан-чехия кәсіпорны таныстырылуда.

2011 жылдың мамыр айында Таразда «Қазфосфат» ЖШС мен чехиялық «Fosfa a.s.»  компаниясы арасында натрий гексаметафосфаты мен басқа да тұздар өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылған болатын.

Келісімге қол қою рәсіміне аймақ басшысы Қанат Бозымбаев пен Чехия Республикасының Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Берджих Копецки қатысты.

Бұл жоба Жаңажамбыл фосфор зауытының базасында іске асырылуда, ҚР ҮИИД бағдарламасы аясында заманауи, экономикалық негізі бар маңызы бар қадам болып табылады.

1999 жылы негізі қаланған компанияда 6 мың адам жұмыс істейді. 11 жыл ішінде 208 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарылды.

«Казфосфат» ЖШС - компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.

Компания бүгінде 20-ға жуық өнім түрлерін шығарады. Атап айтқанда сары фосфор, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткізудегі минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін дайындалады.

 Компанияның өнімдері бәсекеге қабілетті болғандықтан фосфор шикізатын өңдеуде және өзге мемлекеттерге экспорттауда жоғары технологиялар қолданылып отыр. Өнімдері алыс және жақын 27 шет мемлекетке экспортқа шығарылуда.

1884 жылы Чехияда негізі қаланған «Fosfa akciová společnost» компаниясы Орталық еуропа бойынша жеке маркада синтетикалық жуу құралдарын шығару өндірісінде көшбасшылардың бірі болып табылады. «Fosfa akciová společnost» компаниясы 53 елмен ынтымақтатық орнатқан.

Соңғы жаңалықтар
telegram