Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Қайрат Тілеубайұлы 1964 жылы Сарысу ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1990 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Сарысу аудандық ветеринарлық станциясында жүргізуші болып бастаған.
Одан кейінгі әр жылдары шаруа қожалықатырының жетекшісі, Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Сарысу ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2011-2013 жылдары – Алматы қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының статисті, 2013-2016 жылдары – Жамбыл облысы әкімідігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарында болған.