19:52, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Жамбылбек Шахабаев дүниеден өтті
ТАРАЗ. 12 қазан. ҚазАқпарат - 11 қазанда 61 жасына келген шағында ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, ҚР ІІМ-нің еңбегі сінген қызметкері Жамбылбек Әшірұлы Шахабаев өмірден өтті.

Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД хабарлады.
Жамбылбек Әшірұлы Шахабаев 1952 жылы 14 тамызда Жамбыл облысы Луговой ауданында дүниеге келді. 1974 жылы инженер-гидротехник мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын тәмамдады, 1982 жылы заңгер мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін аяқтады, заңгер.
Ол Қазақстан Республикасының ІІМ жүйесінде 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді.
Жамбылбек Шахабаев ТЖ Департаментінің бастығы ретінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі мен білімге, кәсіби біліктілікке негізделген дәстүрді жалғастыра білді.
Ол бірқатар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.