Жамбыл облысы ІІД-де Конституция күні мерекеленді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтілді. Салтанатты жиынға ҰОС, ІІО ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және БАҚ өкілдері арнайы шақырылды, ІІД жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Жиынды ашқан Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Батталов 15 жылдық тарихы бар Ата Заңымыз - Контитуция туралы айтып өтті. Сөз барысында жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, отбасыларына амандық, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарына жетістіктер тіледі.

Бұдан соң айтулы мереке қарсаңында ІІО-ның 200-ден астам қызметкері ІІМ және ІІД бұйрықтарымен, көптеген полицейлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар