21:29, 26 Мамыр 2010 | GMT +5
Жамбыл облысы ішкі істер департаментінде Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысқан ардагерлермен кездесу болды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жеке құрамы Мәскеу мен Астанадағы Жеңіс шерулеріне қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті.
Облыстық ІІД-інің бастығы Бекет Аймағамбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығын оқып, көп жылдар ішкі істер органдарында жұмыс істеген Жұманәлі Пәзілбаев пен Райымбек Тілеповке полковник погондарын тапсырды.
Соғыс ардагерлері өз кезегінде «полиция лейтенанты» атағына ие болған ІІБ-нің тоғыс жас қызметкеріне алғашқы офицерлік погондарды тапсырды.
«Сендерге Отанға адал қызмет етуді тілеймін. Және де ешқашан соғыс қасіретін көрмеңдер», - деді Жұманәлі Пәзілбаев.