Жамбыл облысы көлікті онлайн тіркеу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы көлікті онлайн тіркеу көрсеткіші бойынша республика бойынша бірінші орына тұр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «ZHEIF-2023» форумының қатысушыларымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрі артып келеді. Бүгінде тұрғындарға осындай қызметтің 1315 түрі көрсетілген. Өткен жылы Жамбыл облысында 1 миллион 800 мың қызмет көрсетілген болса, оның 60 пайызы онлайн түрде жүзеге асқан.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ісі тиісті деңгейде дамып келе жатыр. Жетістіктер де аз емес. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы автоматтандырылған және электронды форматқа ауысқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісіне сәйкес, Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемде 8-орында болса, телекоммуникация саласында 28-орынды иеленген.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 700 млн доллардың меморандумдарына қол қойылып, 20-ға жуық келіссөз жүргізілді деп хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар