Жамбыл облысы қысқы мал азығын нормадан артық қамтиды (ФОТО)
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, мал азығының жоспарланған егістіктің 483,1 мың гектарының 385 мың гектары шабылды.
Аймақтағы шаруа қожалықтарының тұтыну нормаларына сәйкес қыс мезгіліне 1,2 млн. тонна шөп пен шамамен 39 мың тонна пішен дайындау қажет. «Қоймаға 880 мың тоннадан астам шөп пен 20 мың тоннадан астам пішен қойылды. Бұл қарқынмен облыс қысқы мезгілге мал азығымен нормадан артық қамтамасыз етіледі», - деді ауыл шаруашылығы басқармасында.
+40 градус ыстыққа қарамастан, егін ору кестеге сай жүргізіліп жатыр. Орылатын 240 мың гектардан астам дәнді дақылдың 130 мың га-ға жуығы жиналды.
Орташа өнімділік 15,2 центнерді құрады. Бұл Жамбыл облысы үшін нормадан артық көрсеткіш. 230 мың тоннадан астам астық бастырылды.
Биыл жамбылдық аграрийлер барлығы ауыл шаруашылығы дақылдары егілген 557, 3 мың га жерді жинауы тиіс.