Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Мемлекет басшысымен болатын телекөпір кезінде нысандарды іске қосуға дайындық жүріп жатыр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында маусымның 28-і күні Мемлекет басшысымен арада болатын телекөпір кезінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында қолға алынған нысандарды іске қосуға дайындық жұмыстары қызу жүруде,
None
None

деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барып, жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Жол картасы аясындағы нысандардың жұмысымен танысып қайтты.

Мыңарал ауылында «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» салып жатқан құрылыс индустриясындағы ірі қазақстандық кәсіпорындардың бірінің іске қосылуына қызу дайындық жүріп жатыр.

«Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС-нің бас директоры Айвара Сарғасқаеваның айтуынша, зауыттың өнеркәсіптік қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цемент шығару, жобаның құны - 32,4 млрд. теңге.

Мойынқұм ауданының әкімі Болат Рысмендиевтің сөзіне қарағанда, мердігер болып отырған «Мыңарал Тас компаниясы» құрылыс-серіктестігі демеушілік көмек ретінде жақын жердегі Мыңарал және Шығанақ ауылдарында су құбырын, су жима, сорғы стансыларын салған.

Сонымен қатар, аймақ басшылығы салынып жатқан гранит және гранит өнімдерін шығаратын «Ал-Басар» ЖШС зауытында болды. Өнеркәсіптік кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың метр ұзындықтағы материал шығару, жобаның құны 570 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны - 165.

Соңғы жаңалықтар