Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының кәсіпорындары 100 млн. теңгеден астам субсидиялар алды

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, биылғы жылы аудан кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 100 млн. теңгеден астам субсидиялар алды.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытуға 55,1 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікті және Көгершін, Луговое және Ақыртөбе тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындары ашылуда. Бір адамға 3 млн. теңгеге дейін 20 шағын несиелер беріледі. Бұл мақсатқа барлығы 59,9 млн. теңге қарастырылған.
Сонымен бірге бағдарламаның екінші бағыты бойынша (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар нысандарын дамыту) 25,6 млн. теңгеге шалғайдағы жайылымдардағы малшылар үшін күн батареялары сатып алынады. Үшінші бағыт бойынша аудан тұрғындарын еңбекке орналастыруға бюджеттен 22 млн. теңгеге жуық қаражат берілді.
Өңір басшысы Қазақстандағы көпбейінді ірі өндірістердің бірі «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-да болды. Асыл тұқымды жылқы өсіретін бұл байырғы зауыт кеңестік кезеңнен бері белгілі. Мұнда ахалтеке және ағылшын тұқымды жылқы өсірілуде.
Серіктестік басшысы Халит Базаралиевтің айтуынша, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы - осы шаруашылықтың негізі. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, жобалау және құрылыс жұмыстарымен зауыт мемлекеттің қолдауымен асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту және ұстап тұру үшін айналысуда.
Бүгінде бұл қалдықсыз көп салалы ірі өндірісі бар шаруашылық, мұнда технологиялық цикл бүге-шігесіне дейін ойластырылған. 30 мың бас шошқа өсіретін кешендегі қалдықтар биогаз қондырғысына шикізат ретінде қызмет етеді. Ал газ электр энергиясы өндірісі үшін пайдаланылады. Одан әрі электр қуаты арқылы су жылытылып, бекіре өсіру үшін резервуарларға беріледі, одан шыққан су көлемі жеті гектарда орналасқан 96 жылыжайды суаруға тыңайтқыш есебінде жұмсалады. Өз күштерімен жасап шыққан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның биогаз қондырғысы Мәскеудегі «Баламалы энергетика» мамандандырылған халықаралық көрмесінде алтын медальға ие болды. Бұл зауыт ауыл шаруашылығында баламалы энергетиканы жасау жөніндегі ТМД-дағы көшбасшылардың бірі.
Шаруашылық шошқа етін Ресейге экспорттамақ. Х.Базаралиевтің айтуынша, жылына 2,5 мың тонна етті экспортқа жөнелту жоспарланып отыр.
«Алайда рубль бағамы түсіп кеткеннен кейін оның қайтадан көтерілуін күтіп отырмыз. Қазір тоңазытқышта 200 тоннадан астам ет сақталуда. Оның өзіндік құны келісіне 600 теңгені құрайды», - дейді кіәсіпкер.
Бұдан басқа шаруашылықта бекіре балығы өсіріледі. Қуаты бес мың бекіре және екі тоннаға дейін уылдырылық өндірітін жобаның құны - 1,3 млрд. теңге. Өңір басшысы әлеуметтік сала нысандарында - Юбилейное ауылындағы 300 орындық мектепте болды, оның құрылысы биылғы жылғы маусым айында аяқталмақ, сондай-ақ күрделі жөндеуден өткізілген аудандық аурухана жұмысымен танысты, Луговое - Қорағаты - Тәтті жолының учаскесін жөндеу жұмыстарын тексерді.