Жамбыл облысы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Сарысу ауданының әкімі лауазымына Сәкен Үмбетұлы Мамытов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

Сәкен Үмбетұлы 1974 жылы Сарысу ауданында туған.

2007 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жаңатас нан зауытында жұмысшы болып бастаған.


Әр жылдары «Жаңатас нан» АҚ вице-президенті, Жаңатас әскерилендірілген құтқару взводының құтқарушысы, бөлімше командирі, Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің, кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2016-2019 жылдары Жаңатас қаласының әкімі, 2019-2021 жылдары Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы және 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

Бұған дейін Жамбыл облысының қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар