Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жол картасының жүзеге асырылуы адамдарға жаңа жұмыс орындарын ұсынды - аудан әкімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Сарысу ауданындағы Жол картасының жүзеге асырылуы адамдарға жаңа жұмыс орындарын ұсынды», - деп атап өтті Сарысу ауданының әкімі Бекболат Орынбеков.
None
None

Оның айтуынша, осы мемлекеттік бағдарламаның ауқымына осы ауданның алты нысаны ілікті, қаржыны игеруде немесе құрылыс пен қайта жөндеу жұмыстарының мерзімінің сақталмауы секілді проблемалар туындаған жоқ.

Сарысу ауданындағы Жол картасын жүзеге асыруға 113,6 миллион теңге бөлінді, оның ішінде 68,3 миллион облыстық бюджеттен берілді. «Ең алдымен, аудан тұрғындары тарапынан бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан қордаланған мәселелер шешімін табуда. Мәселен, бөлінген қаржы Тараз - Ақкөл - Саудакент жолының 122-інші шақырымындағы бөгет жөндеу - облыс шекарасы, Досбол - Шығанақ жолының учаскесінің жөндеу жұмыстарында толықтай игерілді. Бағдарламадан тыс сонымен қатар өзге де жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар - Күйік - Қарабастау - Қаратау - Жаңатас - Саудакент, Тараз - Аса - Ақкөл - Саудакент» жолдары».

Жол картасы ауқымында кеншілердің Жаңатас қаласындағы №22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, сонымен қатар білім берудің екі нысаны мен бір мәдениет нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол картасының барлық нысандары үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында толықтай тапсырылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар