Жамбыл облысы Шу ауданында ҚР Су кодексі талаптарының бұзылғандығы анықталды

Шу ауданаралық прокуроры Жанболат Айдапкеловтың ақпараты бойынша, Шу ауданындағы су нысандарын жекеменшік пайдалануға алған заңды тұлғалар мекемелердің қандай да бір қорғауды нығайту немесе суағытқыш бойынша жұмыс жүргізбеген.
«Көрсетілген су нысандары қазіргі таңда халық үшін қауіп төндіріп отырған жоқ, алайда ҚР Су кодексінің 80 бабы бұзылған», - деп атап өтті прокурор.
Прокуратура аудан әкіміне Ақсу және Сарғау су қоймаларындағы коммуналды жекеменшіктерді балансқа қою туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар, рұқсат етліген құжаттарсыз су пайдаланғандығы үшін «Тасаткөл» ЖШС қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Сот қаулысы бойынша ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, серіктестікке 50 МРП көлемінде айыппұл салынды, деп атап өтті Ж. Айдапкелов.