Жамбыл облысына 25 миллион теңгенің темекісін заңсыз кіргізбек болған

None
Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Кеңес» шекара бөлімшесінің аумағында 43 000 қорап темекі өнімін Қазақстанға заңсыз алып өткізу әрекетіне тосқауыл койды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Контрабандалық тауардың жалпы бағалау құны, шамамен 25 миллион теңге.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған тауар процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру депаратментіне тапсырылған.


Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстаннан 17 млн теңгенің темекісі кіргізілмек болғанын жазған болатынбыз.

«Сыпатай батыр» мен «Қордай» автокөліктік өткізу пунктерінде Қырғызстаннан 58 мың қорап темекі заттарының ірі партиясын Қазақстанға заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді. Контрабандалық тауардың алдын ала бағалау құны – 17 млн теңгеге бағаланған. Тәркіленген жүк процессуалдық шешім шығару үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне берілді.

ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша белсенді шаралар атқарып жатыр. Атап айтқанда, 1 мамырда әскери қызметкерлер Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын Мерке ауылында ұстады. Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-тармағы бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпас шарасы қолданылды.


Соңғы жаңалықтар