13:35, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Жамбыл облысына 800-ден астам асыл тұқымды ірі қара мал басы жеткізілді
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - «Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасы аясында облысқа 816 бас асыл тұқымды ірі қара мал басы жеткізілді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
«Өңірде мал басын және оның сапалық құрамын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, асыл тұқымды ірі қара малдың үлесі 1,7 есеге өсіп, 11 пайызды құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 2,8 пайызға артық»,-деді әкім.
Оның айтуынша, осындай оң үрдістер малдың басқа түрлері бойынша да байқалуда. Атап айтқанда, асыл тұқымды қойлардың үлесі 23,3 пайызды құрайды және бұл орташа республикалық көрсеткіштен 9,5 пайыздық пунктке артық.