Жамбыл облысынан бес спортшы Рио-де-Жанейроға барады

ТАРАЗ. ҚАЗАҚПАРАТ - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Олимпиада ойындарына жолдама алған жамбылдық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Биыл Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Олимпиада ойындарында Жамбыл өңірінен шыққан спортшылар мыналар: әскери қызметкерлер арасындағы бокс бойынша әлем чемпионы, «Астана арландары» сапындағы боксер Олжас Сәттібаев (28 жаста), дзюдо бойынша әлем чемпионы Елдос Сметов (24 жаста), жеңіл атлет Михаил Красилов (26 жаста) және Азия олимпиадалық біліктілік турнирінің күміс жүлдегері, таэквондошы, ЦСКА спортшысы, ефрейтор Руслан Жапаров.

Сондай-ақ, бірнеше рет әлемдік рекордты жаңартқан жүзуші Зүлфия Ғабидуллина XV жазғы Паралимпиадалық ойындарға жолдама алды.

«Біздің өлкемізді, киелі Әулиеата топырағын айдай әлемге танытқан спортшылар аз емес. Олардың қатарында біздің жерлестеріміз, атақты олимпшілер Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков, Бақтияр Артаев, Марат Мәзімбаев бар. Сіздерге денсаулық, сәттілік, алдағы Олимпиада ойындарында топ жарып, жүлдемен оралуларыңызды тілеймін», - деді К.Көкірекбаев.

Соңғы жаңалықтар