Жамбыл облысында №1 гимназия түлегі Анастасия Хван ҰБТ-да 123 балл жинады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудің бірінші күнінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бірінші лек бойынша «Алтын белгі» жалпы орташа білім аттестатына үміткер 162 түлектің ішінен 46 түлек өз білімдерін растады, ол 28,4 пайызды құрайды. Үздік аттестатқа үміткер 56 үміткердің ішінен 9-ы (16,1 пайыз) өз білімдерін растады. 2 маусымдағы ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 71,39-ды құрады. Ең жоғары - 123 балды тараздық №1 гимназияның түлегі Анастасия Хван алды, ол - химия бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы.

Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық білім басқармасы хабарлағандай, осы оқу жылының 9 349 түлектерінің ішінен 6 773-і ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді, бұл жалпы санның 72,4 пайызын құрайды. Таразда бұл пайыз 75,1-ге жоғары (2 438 түлектің 1 832-сі).

2 маусымда ҰБТ қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға өтініш берген 6 773 түлектерінің ішінен 3 441 түлек қатысу қажет болатын. Нақты қатысқандары - 3 428 түлек. Қатыспағандар - халықаралық пәнаралық олимпиада қатысушылар мен жүлдегерлер ретінде, сондай-ақ ауырып қалуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен босатылғандар.

Жамбылдық мектептердің 118 түлегі үздік аттестатқа, 301-і - «Алтын белгіге» үміткер.

Соңғы жаңалықтар