Жамбыл облысында 10 мың түпке жуық көшет отырғызылды
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шараға 300 мыңға тарта облыс жастары, сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ардагерлері, жоғары, орта және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары және облыс тұрғындары атсалысты.
Жастар сенбілігі «Бәйтерек» шағын ауданында басталып, Назарбаев зияткерлік мектебі маңына 700-дей жас шыбықтар отырғызылды.
Осы бұқаралық шараға қатысқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев мұндай сенбіліктердің маңызын атап өтті. «Біз әрқашанда табиғатқа аялы қамқорлық жасап, оны сақтай білуіміз қажет. Біздің жастарымыз бүгінде нағыз патриоттықтың үлгісін көрсетіп, табиғатты қалай қорғау және оның тазалығын сақтау қажет екендігін іспен дәлелдеп отыр. Біздің бәріміз күш-жігерімізді жұмылдырсақ, өңірді елдегі ең таза облыс жасай аламыз деп ойлаймын», - деп атап өтті К.Көкірекбаев.