Жамбыл облысында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы 22,2 пайызға орындалды

ТАРАЗ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы 22,2 пайызға орындалды,
None
None

деп хабарлады облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан.

Үш жылдың ішінде жоспарланған 566,1 мың шаршы метрдің орнына 691,9 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде, 2010 жылы аймақта 218,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып отыр.

2010 жылы облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 52,5 миллиард теңгені шамалаған. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік магистральдық газ құбырының құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуына байланысты бұл көрсеткіш, 2009 жылмен салыстырғанда, 2 пайызға төмендеп отыр.

Оған қоса, 2010 жылы Тараз қаласының бас жоспары бекітілген болатын. Облыс орталығының аумағын 5 953,8 гектарға кеңейту қарастырылып, осы мақсатқа Жамбыл ауданының жер қорынан - 5 609,1 гектар жер, Байзақ ауданының жер қорынан 344,65 гектар жер бөлініп отыр, деп хабарлады басқармадан.

Соңғы жаңалықтар