14:01, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Жамбыл облысында 2010 жылы инфляцияның деңгейі 107,9 пайызды құрады
ТАРАЗ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында 2010 жылы инфляцияның деңгейі 107,9 пайызды құрады,
деп хабарлады облыстық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан.
Азық-түлік тауарларының бағасы 10,2 пайызға, азық-түліктік емес тауарлардың бағасы - 5,3 пайызға, ал ақылы қызметтердің бағасы- 7,2 пайызға қымбаттады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, 2009 жылы өңірде инфляцияның деңгейі 106,2 пайызды құраған.
2010 жылдың желтоқсан айында күнкөрістің төменгі шегі 11,973 мың теңгені құрап, 2010 жылдың бас кезіндегі көрсеткіштен 11,2 пайызға өскен.