Жамбыл облысында 2014 жылы 668 өрт ошағы сөндіріліп, 27 адам құрбан болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жыл сайын өңірде 600-700 өрт оқиғасы тіркеледі, бұл ретте он оқиғаның тоғызы адамдардың кінәсінен, деп мәлімдеді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

«2014 жылы 668 өрт тіркеліп, 27 адам қаза тапса, 23 адам түрлі дәрежеде жараланды. Материалдық шығын 122,6 млн теңге болды», - деді Жамбыл облысы ТЖД мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің қызметкері Ерсайын Әділов.

2013 жылмен салыстырғанда, өрт саны 21 пайызға, одан келетін материалдық шығын 12 пайызға ұлғайған.

Ведомствода аудандарда өрттің ұлғайғанын атап өтті: Тұрар Рысқұлов (1,2 есе), Мерке (74%), Сарысу (64%), Жамбыл (48%), Байзақ (38%) және Тараз (13%).

Тілсіз жаудан, оның салдарынан көбінесе тұрғын үй секторы, саяжай зардап шегеді. Оған қатысты сомасы 65,1 млн теңге материалдық шығынды құрайтын 430 өрт тіркелген. Өрттен тұрғын үйлердегі 20 адам ажал құшса, 14 адам зардап шеккен.

"Өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтамағандықтан адам жақындары мен туыстарының басын қатерге тігеді», - деп сөзін түйіндеді өртке қарсы қызмет лейтенанты Е. Әділов.

Соңғы жаңалықтар