Жамбыл облысында 26 жастағы ер адам магистраль каналына батып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Шу ауданындағы магистраль каналында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

«20 шілдеде сағат 19:30-да облыстық ТЖД-ға шамамен сағат 18:00-дерде Шу ауданы Төле би ауылындағы магистраль каналына осы ауылдың 26 жастағы тұрғыны батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына «УАЗ» көлігімен бес адамнан тұратын Жамбыл облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ сүңгуірлер тобы жөнелтілді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстары 21 шілдеде таңғы сағат 6-да басталды. Бір жарым сағаттың ішінде суға кеткен азаматтың мәйіті оқиға орнынан 6 шақырым жерден табылды. Мүрде судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Сонымен қатар, 21 шілдеде Таразда, «Зербұлақ» демалыс орнында құтқарушылар жүзу білмесе де суда шомылып жүрген 8 және 9 жастағы балаларды алып шықты.

Соңғы жаңалықтар