Жамбыл облысында 3,5 мыңға жуық санақшы дайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық әкімдігінде алдағы халық санағына байланысты кеңес болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеңесте атап көрсетілгендей, облыс Ұлттық халық санағын өткізуге сақадай сай. Халық санағына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес, аймақта Ұлттық халық санағын өткізуге қолдау көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, БАҚ өкілдері, «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылықтың қолбасшысы, құқық қорғау органдарының, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының басшылары, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының облыстық филиалының директоры, «Әулие Ата» халықаралық әуежайы» АҚ-ның директоры, Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының өкілдері, т.б. кіріп отыр. «Жер ресурстары мен жерге орналастырудың Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік орталығымен» және «Оңтүстікгеодезиямен» бірлесіп, облыстағы барлық 383 елді мекеннің сызба-жоспарлары, сондай-ақ әкімшілік аудандардың, ауыл округтерінің схемалық карталары әзірленді. Статистика органдары 2008 жылы қарашаның 1-і мен 24-і аралығында үйлердің және онда тұратын адамдардың толық тізімдерін жасау үшін үйме-үй аралап шықты. Облыс аумағы 107 санақ бөліміне, 853 нұсқаулық учаскесіне, 3 415 санақ учаскесіне бөлініп отыр. Облыстық статистика басқармасының орынбасары Инга Шевцованың ақпараты бойынша, аймақтың атаулы шаруашылықтары реттеліп, барлық елді мекендердің схема-жоспарларымен және аудандардың карталарымен жұмыстар жүргізілді.Санақ бөлімдерінің барлығы толық жасақталып, телефон байланысымен қамтамасыз етілді, көліктер бөлінді. Кадр мәселесі де шешіліп жатыр. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша санақ бөлімдеріне 107 меңгеруші, 853 нұсқаушы-бақылаушы жұмысқа қабылданды, 3415 санақшы іріктелуде, іріктеу жұмыстары ақпанның 22-сіне дейін аяқталады.
Соңғы жаңалықтар