00:05, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында 373 нысан жекешелендірілді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жекешелендіру науқаны басталғалы бері жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған 11 комиссияға аймақ тұрғындарынан 624 нысанды жекешелендіруге қатысты өтініш түскен.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасынан хабарлады.
Бүгінгі таңда 373 нысан жекешелендірілді, 105 өтініш ұсынылған құжаттардың жетіспеушілігінен кері қайтарылды. Жекешелендіруден түскен қаржы екі миллиард теңгеден астам.
Жекешелендіруге орай түскен өтініштердің саны жағынан Тараз қаласы, Шу, Байзақ және Сарысу аудандары алда келеді.