Жамбыл облысында 4 жасар бала тоқ соғып, ажал құшты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте өңірде үш жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

Қордай ауданындағы Отар ауылында тұрғын үй ауласындағы суару сорғысының электр сымының ақауы салдарынан Алматы облысынан келген 4 жасар бала және осы ауылдың 18 жасар тұрғыны көз жұмды.

Тағы бір қайғылы оқиға Қордай ауданының Ауқатты ауылындағы жекеменшік үйде болды. Газ баллоны құбыршегінен газдың шығуы жарылысқа себеп болды, абырой болғанда өрт орын алған жоқ. Алайда жарылыс салдарынан 22 жасар ауыл тұрғыны 60 пайыз күйік шалып, Қордай аудандық ауруханасына жеткізілді, делінген облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар