Жамбыл облысында 5 балабақша салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысында 1 мың 120 орындық 5 балабақша салынады. Оның үшеуі «Нұрлы жол» бағдарламасымен, екеуі жергілікті бюджет есебінен бой көтермек.
None
None

Өңірде жүрген Мәжіліс депутаты құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Салтанат шағынауданындағы құны 500 млн теңгеден астатын 280 орындық бөбекжай биыл салынуы тиіс. Халық қалаулысы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Тараздағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Соңынан қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады, деп жазады 24.kz.

«Мәдениет қызметкерлерінің жалақысының төмендігі. Және де бүгінгі таңда 12 жылдық оқу жүйесіне көшіру мәселесі, оған дайындық мәселелері. Ол екі облыста да бірдей екендігіне менің көзім жетіп отыр. Оған әлі көптеген іс-шаралар жалғасын табуы керек деп есептеймін. Пысықтау керек әлі. Ол мәселеге көбірек көңіл бөлу керек», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев.

Соңғы жаңалықтар